Канада-америкалық инженер жасанды интеллект туралы фильмде Қазақстан президенті туралы сұрақ қойды, деп жазады sputniknews.kz.
Өнертапқыш және миллиардер Илон Маск Google-дан Қазақстанның президенті кім деп сұрады. Бұл сауалды ол "Бұл компьютерге сенесіз бе?" деген деректі фильмде жазған.
"Кейде сұрақты толығымен жазып үлгерместен, жауабын біліп жатамыз. Мысалы, "Қазақстан президенті кім?" деп жазсақ, жауап бірден шығады. Қазақстандық сайтқа кіріп, қараудың қажеті жоқ", — дейді Илон Маск сегіз минуттық фильмде.
Жауап ретінде Google Нұрсұлтан Назарбаев туралы бірқатар материалға сілтеме ұсынды