Америкалық Space X компаниясының иесі Илон Маск Falcon Heavy ауыр зымыран тасығышының Марс ғаламшарына 6 ақпанда ұшырылатынын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
Зымыран тасығыш Флорида штатының Канаверал мүйісінен ұшырылмақ. Маск бұған дейін зымыран тасығыштың алғашқы суреттерін жариялаған болатын.
Ғарыш кемесінің бортында Масктың Tesla Roadster спорттық көлігі тиелмек. Марсқа ұшу кезінде көлікте Дэвид Боуидің Space Oddity атты әні айтылып тұрады. Былтыр наурыз айында Falcon 9 зымыран тасығышының алғашқы басқышы ғарышқа сәтті ұшырылғаны жария болған. Ал былтыр мамыр айында SpaceX Falcon Heavy ауыр зымыран тасығышының орталық блогысынақтан өткізілген.