16 шіл, 2020 сағат 08:02

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар ондығына кірді

Tesla және SpaceX компанияларын басқаратын американдық кәсіпкер Илон Маск Forbes журналының нұсқасы бойынша алғаш рет ғаламшардағы ең бай адамдар «ондығына» кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталмыш басылымның сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Масктің дәулеті 70,8 млрд долларға бағаланып отыр. Forbes оның байлығының өсуі көбіне Tesla акциялары бағасының күрт көтерілуіне байланысты екенін атап өтті. 

NASDAQ электронды биржасының сайтында жарияланған мәліметтер бойынша, наурыз айының ортасында компанияның бір акциясының бағасы 400 доллардан аспаған болса, сәрсенбі күні сауда жабылар кезде ол тіпті 1541 доллардан да жоғары. 

Қазіргі уақытта Forbes Маскті ғаламшардың ең бай адамдар тізімінде сегізінші орынға қойып отыр. Тізімде тоғызыншы орынды дәулеті 68,5 млрд долларды құрап отырған үнділік Reliance Industries холдингінің басшысы Мукеш Амбани еншілесе, «ондықты» Google компаясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж (67,7 млрд доллар) түйіндеді.