16 сәу, 2018 сағат 12:22

Ильхам Әлиев: Қазақстан мен Әзербайжан бір отбасының мүшесі іспетті (Видео)

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынасы туралы айтып берді. Әзербайжан мемлекет басшысы Қазақстан президенті телерадио кешенінің өкіліне сұхбат берген.

"Нұрсұлтан Әбішұлымен әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көремін, ол кісіге деген сый-құрметім қашан да зор. Ол кісі — біздің ақсақалымыз, әкем Гейдар Әлиевпен кездесулері әлі есімде. Достық қарым-қатынастары берік болатын. Әлбетте, мұның бәрі қалыптасып, дәстүрге айналып кеткен, әрі қарай жалғасын тауып жатқанына ризамын", — деді Ильхам Әлиев тілші сұрақтарының біріне жауап беріп.

Сонымен бірге, ол Қазақстан президентімен ресми емес қарым-қатынасы туралы айтып берді. 

"Адами тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлымен сөйлескен бір ғанибет. Соңғы рет Бакудегі ресми шаралар аясында да, ресми емес кешкі ас үстінде де кәдімгі бір отбасының мүшелеріндей бас қостық", — дейді Әлиев. 

Ильхам Әлиев 11 сәуірде Әзербайжанның кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың  86,03%-ы дауыс берген.