07 қаз, 2019 сағат 12:47

ІІМ жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжаттың жаңа дизайнын ұсынды

Құжаттардың түстік безендірілуі өзгереді, чип артқы жағына ауысады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

"Сондай-ақ, ІІМ құжатта кішігірім өзгерісті ұсынып, олардың қажеттілігін «неғұрлым сапалы, технологиялық және сертификатталған өнімдерді қолдануға" негіздейді. Бұл туралы порталда, жүргізуші куәлігінің түстік безендірілуін күлгін-көк түсті етіп өзгеруін, ал көлікті тіркеу туралы куәлігінің түсін сәл қанық қылу өзгерісі жөнінде хабарлайды", - делінген таратылған ақпаратта.
водит.jpg

Екі төлқұжатта да интегралды микросхема, яғни чипты алдыңғы жағынан артқы жағына ауыстырылады.
водит 1.jpg