ІІМ мен ҰҚК Қазақстанның 5 өңірінде арнайы операция жүргізді
Қазақстанның бес өңірінде арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Арнайы операцияны Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында ІІМ-нің арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып жүргізген.
Polisia.kz мәліметінше, арнайы операцияның барысын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары ҰҚТ-ның 28 мүшесін ұстап, олардың 16-сын қамауға алған. 53 нысанды тінту кезінде атыс қаруының арсеналы мен оқ-дәрілер тәркіленді, сондай-ақ бақылауға арналған арнайы техника табылды.
"Соталды тергеу барысында ҰҚТ көшбасшылары Б. және Ж. тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны анықталды", - деді полиция өкілі
Құқық қорғау органдары мәліметінше, олар елдің оңтүстігінде 15 ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Оған үш қарақшылық шабуыл, кәсіпкерлерге қатысты қару қолданумен бес бопсалау, сондай-ақ бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау кіреді.
"Қазіргі уақытта айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деп қорытындылады құқық қорғау органдарының өкілі.