26 мау, 2019 сағат 13:24

ІІМ Арыстағы төтенше жағдай туралы видео жариялады

Ішкі істер министрлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бір минуттық видео жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шағын видео жарылыстан зардап шеккен қаланың жайы туралы түсірілген. Видеода Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкерлерінің бір күндік жалақыларын Арыс халқының қажеттілігі үшін бөлетіндігі жарияланған.

Арыстың басына түскен күн бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, қарапайым азаматтардан бастап мемлекеттік орган қызметкерлері, белді кәсіпкерлер өз көмектерін шама-шарқынша беріп жатыр.