"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында еркін күрестен 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Гүзел Манюрова ширек финалда камерундық Аннабель Әлиді жеңді", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жерлесіміз ширек финалда қарсыласын Аннабельді 8:6 есебімен ұтты. Осыған дейін Гүзел Венгриядан келген балуан қыз Жанетт Неметті 10:2 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын.
Айта кетейік, кеше әйелдер күресінен қазақ тарихында алғаш рет 69 келідегі Эльмира Сыздықова Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иемденген болатын.
Ұлт порталы