"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында еркін күрестен 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Гюзель Манюрова финалдық белдесуде жеңіліс тауып, күміс медаль иегері атанды", - деп жазады "Ұлт ақпарат".
Шешуші кездесуде ол канадалық Эрика Уибеге есе жіберді. Қорытынды есеп - 6:0
Отандасымыз боз кілемдегі бірінші белдесуінде мажар елінің балуаны Жанетт Неметті жеңсе, ширек финалда камерундық Аннабель Алиді жарыс жолынан шығарды. Ал, жартылай финалда оған сәттілік жолдас болды. Кездесу аяқталуына 8 секунд қалғанда 8:6 есебімен ресейлік балуан алда тұрған еді. Жерлесіміз табандылық көрсетіп, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Гюзель Манюрова бұған дейін Ресей құрамасы сапында Афина Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Ал Лондонда Қазақстан атынан шығып, қола медаль еншілеген еді.
Ұлт порталы