18 там, 2016 сағат 18:58

Гюзель Манюрова алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Гюзель Манюрова алғашқы белдесуін венгриялық Жанетт Неметке қарсы өткізді", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1/8 финалда жерлесіміз Жанетт Неметті 10:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Енді Манюрова ширек финалда Камерун балуаны Аннабель Әлимен күреседі.

Ұлт порталы