Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш мамыр айында өтеді деген сенімде. Бұл туралы Sports.kz. хабарлайды.
«Реванш туралы келісімге оңай келеміз деп ойлаймын. Геннадий жекпе-жекке дайын, ол - чемпион. Дәл сол сияқты «Канело» да жеңімпаз болғысы келеді. Егер реванш болса, онда ол 5 мамырда болуы тиіс. Егер спорттық бәсекені дәл осы мерзімде өткізуге мүмкіндік болмаса, онда біз HBO-мен Геннадийдің наурыз немесе сәуір айларында бәсекеге түсуі туралы келіссөз жүргізетін боламыз», - деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.