20 мам, 2020 сағат 20:53

Головкиннің келесі қарсыласының есімі ресми түрде жария етілді

DAZN платформасы ресми түрде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласының есімін атады.  

Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының менеджері Эдди Хирн поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Өткен жылы Madison Square Garden-дағы Стив Роллсқа қарсы жекпе-жектен кейін Головкин Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Алайда бұл жекпе-жек ұйымдастырылмады. Содан кейін Головкин мен DAZN алдымен Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, содан кейін Камил Шереметаға қарсы белбеуді қорғауды жоспарлап қойды. Бұл жекпе-жектің екеуіне де қол қойылды. Шеремета Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы қол қойылған келісімшартты алды", - деді Хирн.

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жыл соңында өтуі керек деп түйіндеді ол.