ESPN журналисі Дэвид Фэйтельсон мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинді үшінші кездесуде нокаутқа түсіремін деген уәдесін келеке қылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Өзімді осы салмақта жақсы сезінемін, Головкинді нокаутқа түсіріп, тіпті, майып қылуым әбден мүмкін" - Сауль Альварес Геннадий Головкинмен трилогиясы туралы осылай айтты, жекпе-жекті қазірден қыздырып жатыр. "Эль Канело" - бұл бұрынғыдан мүлдем басқа "Канело". Головкин "дірілдеп" жатқан шығар", - деп жазды ол Twitter желісінде.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес 2017 жылы қыркүйекте алғаш рет жұдырықтасқан. Сол кезде боксшылар тең түскен еді. Ал бір жылдан кейін рематч өтіп, "Канело" төрешілер шешімімен жеңген болатын.