11 қаң, 2021 сағат 15:10

Головкин WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионымен айқасуы мүмкін

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO титулының иегері Деметриус Андраденің жекпе- жегін өткізуге ниетті, деп хабарлайды Sports.kz

«Головкин мен Джайме Мунгия - тамаша қарсыластар. Бірақ егер Билли Джо Саундерс Саул Альвареспен айқасқан жағдайда Андраде Головкинмен кездесуі керек деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, бұл орта салмақтағы жекпе-жек, әрине, қызықты болатындығы рас.

Ал Деметриус Андраде үнемі үлкен айқасты іздеп жүреді. Егер ол Головкинмен кездеспеген күнде, Лиам Уильямспен жекпе-жекке шығады. Айтпақшы, бұл айқастың да жанкүйерлер көңілінен шығатындығы сөзсіз», - деді Эдди Хирн.