06 нау, 2017 сағат 07:58

Головкин: "Мен жеңілмеймін" (видео)

Motivedia Boxing Youtube-арнасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған тағы бір ролик шықты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Роликті арнайы Головкин мен Джейкобс арасында өтетін жекпе-жегі қарсаңында түсірілген. Migos-Bad & Boujee композициясына түсірілген видео "I won`t be beaten" ("Мен таяқ жемеймін" - "Меня не побьют") деп аталады.

Vesti.kz хабарлауынша, НВО арнасы Головкин мен Джейкобс кездесуіне арналған аңдатпа шығарды. "24/7. Головкин - Джейкобс" деп аталатын 30 минуттық бағдарлама боксшылардың дайындығын, олардың ең мықты жекпе-жектерін көрсетіп отырады. Осы эфирде Головкиннің жаттығуына Джейкобс пікір білдірген. "Маған осы атмосфера ұнайды. Залдағылардың барлығы маған көмектеседі, барлығын айтады. Мен Головкиннен қорықпаймын. Мен өмір бойы осы жекпе-жекке дайындалдым", - деп жазады Twitter Raging Babe порталы Джейкобстың сөзін. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.