05 жел, 2019 сағат 07:04

Головкин мен Роналду Италияда бір жоба аясында жұмыс істеуде

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен танымал футболшы Криштиану Роналду Италияның Турин қаласында кездесті. Бұл туралы екі спортшы өздерінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін менің досым @cristiano-ны көргеніме өте қуаныштымын! @Daznglobal-мен жаңа жоба әзірлеп жатырмыз, барлығыңызға көрсетуге асықпын» деп жазды GGG.

Ал Криштиану «Ерекше досыммен @Daznglobal-да қызықты жаңа жобада. Кездескеніме қуаныштымын@gggboxing!» деп жазды.

Айта кетерлігі, Роналду Головкинге италиялық «Ювентус» клубының 7 нөмердегі қолтаңбасы қойылған жейдесін сыйға тартты, ал Головкин португалдық футболшыға қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын ұсынды.

Еске салайық, Роналду 2016 жылы Головкинның 34 жасқа толған туған күніне Мадриттік «Реалдың» жейдесін сыйлаған болатын.