Танымал инсайдер әрі кәсіпқой бокстағы агент Рик Глейзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес трилогия үшін алтын кепілді гонорар көлемін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
"Хирн қыруар ақша жұмсады. "Канело" - GGG айқасы Спенс - Кроуфорд жекпе-жегінен асып түседі. "Канело" - GGG үшін әлемдік табыс айтарлықтай көп болады. Сондықтан екеуі кепілді түрде 80 миллион алады, ал Спенс - Кроуфорд 30 миллион алатын шығар", - дейді ол.
Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.