Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында көз арбасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Жылдың басты айқасының алдындағы салтанатты іс-шара Лас-Вегаста өтті. Қос мықты көз арбасу сәтінде бір-біріне салқын қарады.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаса, екінші айқаста ұпай санымен мексикалық үздік деп танылған еді.
"Бүгін жекпе-жек апталығы ресми түрде басталды. Дайынбыз", - деген жазба қалдырды Головкин әлеуметтік желіде.