Қазақтандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 2018 жылдың қыркүйек айынан бері бірінші рет кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар үшінші жекпе-жекке арналған пресс-тур барысында Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты. Спортшылар бір минуттан аса уақыт бір-біріне көз алмай қарап тұрды.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында, T-Mobile Arena кешенінде өтеді.
Осының алдындағы қос кездесу де дәл осы кешенде өткен еді. Бірінші кездесуде нәтиже тең болып, екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.