28 ақп, 2018 сағат 08:04

Головкин мен Канело тағы да көз арбасты (видео)

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жекке байланысты  қайтадан көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Лос-Анджелесте медиа іс-шара аясында өткен кездесуде көз арбасты. Сондай-ақ, Головкин мен Альварес баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Айта кетейік, 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да  өтетін бокс кешінің билеттері 28 ақпаннан бастап сатылымға шығады. Олардың бағалары 300 (96 000 теңге) - 5 000 доллар (1 600 000 теңге) аралығында.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.