01 ақп, 2021 сағат 07:33

Головкин қарсыластарына қалай қарайтындығы туралы айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) бұған дейін өзінің шаршы алаңдағы қарсыластарына қалай қарайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен әрдайым қарсыласымды жаншып, тіпті бір жерде оның көзін жойып жібергім келетін. Қарсыластарыммен кейбір боксшылар айтқандай дойбы немесе доп ойнаған сияқты жеңгім келмейтін. Мен оларды басып тастағым келді», — дейді Головкин. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин 43 жекпе-жектің 36-сын мерзімінен бұрын аяқтай алды. Оның окауттар үлесі — 83,72%. Қазір 38 жастағы қазақстандық IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне ие, ал бұрын оған WBA Super және WBC белбеулері тиесілі болған.