Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қалай жаттығу жасап жатқаны туралы видеомен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетсек, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен сол салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келіскен еді.