Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері мен жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді.
Жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Бұл күні Мексикада Синко де Майо - елдегі ұлттық мерекелердің бірін тойлайды, осы арқылы PPV-трансляция санын арттыру көзделген.
Алдағы жекпе-жекте қазақстандық барлық атағын, ал Альварес The Ring журналының атағы мен орта салмақтағы чемпиондығын тігеді.
"Рас, бұл жолы бізге төрешілер қажет болмайды", - дейді Головкин өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.
"Уақыт жетті. Дайынбыз! 5 мамырда кездесеміз!" - деп жазыпты Альварес өз кезегінде.
"Бұл жолы төрешілер шешпейді! #CaneloGGG2, 5 мамыр, бұл ресми мәлімдеме!" - делінген Golden Boy компаниясының шолуында.
"12 раунд жетпеген еді. 2018 жылдың 5 мамыры. #CaneloGGG2", - делінген HBO арнасының шолуында.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен болатын. Төрешілер шешімі бойынша боксшылар тең түскен-ді.
Қос боксшы арасындағы екінші жекпе-жек қайда өтетіні әзірге белгісіз. Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалаларының бірінде өтуі мүмкін.