28 қар, 2022 сағат 09:46

Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болды


Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент Жарлығында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жарлығымен Тілеген Қаскин мен Ардақ Теңгебаевты да Қазақстан Республикасы Жоғары есеп палатасының мүшелері етіп тағайындады.