19 жел, 2020 сағат 08:40

Германияға көшіп кеткен неміс отбасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Қазақстанда туып, кейін Германияға көшіп кеткен Павел Фридрих пен Ольга Каспер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Ерлі-зайыпты видеоны Youtube-тегі арналарында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің туған жеріміз Қазақстан. Мен - Көкшетауданмын, ал мен Семей облысынан келемін. Қазіргі таңда Германияда тұрып жатырмыз. Арада 30 жыл өтсе де жүрігемізі елжіреп соғады. Шын жүректен барша қазақстандықты, жерлестерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз", - деді Павел мен Ольга.

"Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Біз бұл әнді Отанымыз Қазақстанға, онда туып, өмір сүріп жатқан және есіне алатын барлық адамға арнаймыз", - деп жазған орындаушылар видео сипаттамасына.