Фото: ашық дереккөз
Германияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан бұрынғы судья, қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовқа іздеу жариялады. Іздестіру ісі Талдықорғанда тіркелген.
Бұған дейін ІІМ ресми өкілі Ержан Әділов Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 110-бабы — «Қинау» бойынша бөлек қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл іс зардап шегушінің отбасы берген өтініштер негізінде қозғалып, Жетісу облысында болған оқиғаларға қатысты.
Тергеу жалғасып жатыр.
