20 нау, 2021 сағат 10:15

Германияда карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін

Германия пандемияның үшінші толқынын бастан өткізіп жатқанын растап, елдегі карантин шараларын қатаңдатуға тура келетінін растады, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Еуропа елдері Covid-19 пандемиясының үшінші толқыны кезеңінен өтуде. Германия канцлері Ангела егер жағдай күрделенсе карантин шараларын қайта енгізуге тура келетінін айтты. 

Британдық Astro-Zenika вакцинасының қауіпсіздігіне алғашқылардың бірі болып күмән келтірген Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан Еуроодақта ауру жұқтырудың жаңа оқиғаларының санын айтарлықтай азайту үшін вакцина дозалары жеткіліксіз екенін мойындады. 

«Жағдайды әділ бағалауымыз керек. Еуропада пандемияның үшінші толқынын тек вакциналау бағдарламасына сүйене отырып тоқтату үшін вакцинаның қажетті саны жеткіліаксіз. Ауруға шалдыққандар саны өсіп келеді, мутациялау (аурудың бұдан да жұқпалы формалары) саны көп, бізді алда қиын апталар күтіп отыр», - деді ол. 

Ел үкіметі алдағы Пасха демалыстарына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Билік азаматтарды демалыста сапарға шығудан бас тартып, мерекені тек отбасымен бірге қарсы алуға шақырды. 

Қазіргі кезде Германия азаматтарының 8 пайызы ғана вакцинаның бірінші дозасын салдыртқан, ал Британияда болса екпе салдыртқандардың үлесі – 39 пайыз. 

Дүйсенбі күні Меркель жаңа, бұдан да қатаң карантин шараларын енгізу үшін федералдық өңір басшыларымен кездеседі.