27 шіл, 2020 сағат 08:07

Германия, Франция, Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді

Әлемде жексенбі күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллион адамға жетті. Британия тағы да Испаниядан келушілер үшін екі апталық карантин енгізсе, Германия мен Францияда індетке шалыққандар саны көбеюде. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Британ билігі Испанияда короавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты осы елден келгендерге 14 күн оқшаулану шарасын міндеттеді. 

Маусым айында Испанияда ел бойынша күніне 250 ауру жұқтыру оқиғасы тіркелсе, осы аптада бір күнде 1,5 мың коронавируске шалдығу дерегі тіркелді. 

Бельгия өз азаматтарына Испанияға баруға тыйым салып, өз азаматтарына ол елге баруға бас тартуға кеңес берді. 

Осы аптада ЕО-ның көптеген елінде Covid-19 жұқтырғандар саны артты.

Сенбі күні Францияда жаңа инфекциялар саны екінші күн қатарынан 1000 адамға көбейгені туралы хабарланды, яғни инфекцияның деңгейі карантин тоқтатылғанға дейін мамырда байқалған деңгейге қайта оралды. 

Германияда жұма және сенбі күндері корнавирус жағдайларының өсуі байқалды, тиісінше 815 және 781, бұл – мамыр айының ортасынан бергі ең жоғары өсім.

Германия денсаулық сақтау министрі атап өткендей, елде ауру жұқтыру деңгейі жоғары елдерден, соның ішінде АҚШ пен Бразилия, сондай-ақ Түркиядан келген барлық демалушылар үшін коронавирус міндетті тест тапсыруды енгізе бастайды. 

Аустрия дүйсенбіден бастап эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келушілер үшін елге кіру ережесін күшейтеді. 32 мемлекеттен келушілер коронавирусқа тапсырған ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе ғана елге кіре алады. 

Белгияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі шектеулерді алып тастаудың бесінші кезеңін енгізуді кейінге қалдыру, сондай-ақ елде ауру жұқтырғандар санының өсуіне байланысты маска тағу режимді күшейту туралы шешім қабылдады. 

Жексенбі күні Иран соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған жаңа оқиғалардың саны 2 333, қайтыс болу жағдайларының саны 216 болғанын растады. Елде ідеттен көз жұмғандардың жалпы саны 15,7 мың. 

Сәуір айында Иран карантинді әлсіретіп, мешіттер мен сауда орталықтарын ашты, алайда қазір билік тағы да қоғамдық іс-шараларды шектеп, халықты қоғамдық көлікте және адам көп жиналатын жерлерде маска тағуға шақырады. 

Соңғы үш күнде АҚШ-та әрбір 24 сағат сайын ауру жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 280 мыңға өсті. Жалпы әлемдік статистикада шамамен әрбір төртінші жағдай АҚШ-қа тиесілі екенін көрсетеді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирустың таралуы жағдайының шиеленісіп тұрғанын ескертеді.

Үндістанда қиын жағдай қалыптасуда, онда 1,3 млн адамның ауру жұқтыру жағдайлары тіркелген. Олардың 100 мыңы - соңғы екі күнде анықталған. Эпидемиологтар сонымен бірге пандемия әлі күнге дейін өршіп тұрған АҚШ пен Бразилиядағы жағдайға алаңдаулы. Пандемия Африка елдерінде де өршуде. Оңтүстік Африкада, онда 420 мыңнан астам індетке шалдығу оқиғасы тіркелген. 

Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметтері бойынша, эпидемияның құрлықта таралуы басталғаннан бері 10 мыңға жуық медицина қызметкері коронавируспен ауырған.