29 мау, 2022 сағат 12:57

Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады


WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан бұл, шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз", - деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.

Қазақстандық спортшы видеоға үш тілде сипаттама жазды: "Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!"

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Бірінші кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.