Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.
«Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Геннадий мен оның отбасына зор денсаулық пен амандық тілейміз!», - делінген федерация сайтында.
Айта кетейік, Головкиндер отбасы ұл (Вадим, 2009 жылы туған) мен қыз (2017 жылы туған) тәрбиелеп отыр. Боксшының ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен айналысады. Головкиннің бапкері Абель Санчес Вадимнің қабілеті зор, болашақта мықты хоккейшіге айналуы ғажап емес екенін айтады. Ол әкесімен бірге бірнеше рет ұлттық хоккей лигасының ойындарын да тамашалаған.
Қазіргі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп, жекпе-жектер жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.