Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин America's Got Talent шоуында бақ сынап жатқан жас әнші Данелия Төлешованы қолдауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Спортшы Twitter парақшасында американдықтарды Данелияға дауыс беруге үндеді.
«Данелия Төлешова қандай талантты! Біз сені мақтан тұтамыз! Қолдап дауыс берейік», - деп жазды Головкин.
Айта кету керек, 14 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent финалында өнер көрсеткен болатын.
Финалда 14 жасар қазақстандық жас дарын Sia атты танымал әншінің «Alive» әнін шырқады.
Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер.
Еске салар болсақ, Данэлия Төлешова шілде айының соңында америкалық America’s Got Talent жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.