27 там, 2019 сағат 09:40

Гандболшы қыздар Азия чемпионатының ½ финалына өтті

Үндістанның Джайпур қаласында гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, жартылай финал жолдамасына талас кезінде қазақстандықтар Моңғолияны 48:10 есебімен ойсырата жеңді. 

28 тамыз күні қазақстандықтар Корея спортшыларымен кездеседі.