11 ақп, 2018 сағат 19:31

Галышева Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Фристайлдың могул сыны бойынша жарыс жолына шығатын отандасымыз жүлде үшін таласта аянып қалмады. Финалдық кезеңде 77.40 ұпай иеленіп, үздік үштіктен көрінді. 

Ақ Олимпиаданың алтын жүлдесін француз Перрин Лаффон (78,65) жеңіп алды. Күміс медальды канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант (78,56) иеленді.

Юлия Галышева 9 ақпан күні өткен бірінші іріктеу кезеңінде 75,10 ұпай жинап, 7-орынмен екінші іріктеуге өтті. Бұл кезең қазақстандық спортшы үшін оңай болған жоқ. 76,81 ұпаймен үздік алтылықты түйіндеп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды. Финалдық кезеңді бірінші болып бастап, 77,40 ұпайға ие болды. Ал соңғы болып шыққан канадалық Энди Науд өз жаттығулары кезінде қателесіп, жарыстан шеттетілді.


25 жастағы Юлия үшінші рет Олимпиада ойындарына қатысып отыр. 2010 жылы Ванкуверде 11-орыннан көрінсе, Сочиде (2014 жыл) 7-орын алған болатын.

Қазақстандық спортшыға жетіспей жүргені - Олимпиада жүлдесі еді. Юлия әлем чемпионаты, Азия ойындары, Универсиада мен әлем кубогы кезеңдерінде жүлде алған.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады. Юлия Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальды салды.