04 қаң, 2023 сағат 11:15

Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары болды

Фото: primeminister.kz

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметін атқарған.

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1994 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.

1995-1997 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-елшісі.

2004 жылы – Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы өкілетті өкілі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы.

2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жылдары – Қазақстанның Литвадағы, Латвиядағы, Эстониядағы және Финляндиядағы елшісі.

2012-2016 жылдары – Қазақстанның Финляндия мен Эстониядағы елшісі.

2016-2019 жылдары – Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2019 жылдан – Премьер-министр кеңсесінің басшысы.