Үндістан 2030 жылға қарай Айдан гелий-3 өндіруді бастап, оны энергия қоры ретінде пайдаланбақ, деп хабарлайды IANS Үндістан ғарыш зерттеулер ұйымының (ISRO) еңбек сіңірген профессоры Сиватхана Пиллаиға сілтеме жасап.
Ол атап өткендей, гелий-3-ке бай Айдың беткі қабатын өңдеу - ISRO-ның басты әлеуетті жұмыстарының бірі, деп жазады РИА Новости.
«2030 жылға қарай бұл үдеріс (гелий-3-ті энергия қоры ретінде пайдалану) жүзеге асады», - деген Пиллаидің сөзін келтіреді агенттік.
Ғалымның айтуынша, Жердің табиғи серігінің қоры аса мол.
Айта кетер болсақ, Айдағы аталмыш бағалы изотоптың қоры кемінде 500 мың тоннаны құрайды. Термоядролық синтез барысында 1 тонна гелийден 15 миллион тонна мұнайға пара бар энергия бөлінеді.