06 там, 2016 сағат 22:54

Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль үшін таласады

"Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг венгриялық Эва Черновицкиден басым түсті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Енді қазақстандық спортшы Рио Олимпидасының қола медалі үшін күреседі.

Осыған дейін Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан 2014 жылғы әлем чемпионы Ами Кондрдан айласынан асыра алмаған болатын. Осылайша қазақстандық дзюдошы алтын алқа үшін күресу мүмкіндігінен айырылды. Ал бірінші айналымда Отгонцэцэг гвиней-бисаулық Тасиана Лимаменді айқын басымдықпен ұтты.