Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан Азия ойындарының алғашқы жүлдесін сыйлады.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, қола жүлде үшін өткен кездесуде Галбадрах қытайлық Яо Сюнді "ваззари" әдісімен жеңді.
Осылайша, 48 келіде сынға түскен қазақстандық спортшы дзюдодан елімізге биылғы Азия ойындарының алғашқы медалін алып берді.
Еске сала кетейік, Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Отгонцецег Галбадрах жарысты жеңіспен бастаған еді.
Дегенмен, екінші айналымда Елдос Сметов Солтүстік Корея спортшысынан ұтылып қалды. Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кеткен еді.