Фото: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғабидолла Оспанқұлов 1981 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, Бирмингем университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласында «Евразия Консалтинг» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған.
2002-2006 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды.
2006-2009 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты бөлімдерінде бас сарапшының м.а., бас консультанттың м. а., бас консультант.
2009-2010 жылдары – ҚР Президентінің Парламенттегі өкілдігі секторының меңгерушісі.
2010-2011 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылдары – Павлодар облысының Білім беру саласындағы бақылау департаментінің директоры.
2012-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде заң, әкімшілік департаменттерінің директоры болып жұмыс істеді.
2013-2017 жылдары – ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, кейін қайта ұйымдастыру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.
2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы – «Nur Otan» партиясының хатшысы.
2019-2020 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.
2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор.
2022 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы қызметте болған Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.