05 ақп, 2021 сағат 05:05

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде ТОП-5-ке енді

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА ресми рейтингісінде төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

УЕФА құрамаларының жаңартылған рейтингісінде Португалия командасы бірінші орыннан үшінші орынға сырғыды. ТОП-3 құрамына Испания, Ресей және Португалия енген. 

Футзалдан УЕФА рейтингі: 

1. Испания — 2229,843; 

2. Ресей — 2115,118;

3. Португалия — 209,246; 

4. Қазақстан — 2097,180; 

5. Әзербайжан — 2018,718. 

ҚР құрамасы Еуро-2022 іріктеуінде көрсеткен жақсы ойыннан кейін осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Еске сала кетейік, қазақстандықтар Венгрияны жеңген болатын (5:0).