07 шіл, 2022 сағат 21:16

Футзалдан ЧЛ: «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары анықталды


«Қайрат» пен «Аяттың» футзалдан 2022-2023 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеребеге сәйкес алматылық «Қайрат» 1-топқа түсті. Онда қазақстандық клуб испаниялық «Мальорка», франциялық «Спортинг Париж» және бельгиялық «Андерлехт» командаларымен шеберлік байқасады. 

Рудныйлық «Аят» 2-топта португалиялық «Спортинг», хорватиялықтар «Ново Време» және «Пула» командаларымен сынға түседі.

Негізгі кезең матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді. Элиталық кезеңге әр топтан үздік үш команда қатысады. Элиталық кезең кездесулері 22-27 қарашаға жоспарланған.