20 ақп, 2021 сағат 10:55

Футзалдан чемпиондар лигасы: «Қайрат» румыниялық командамен кездеседі

Қазақстандық «Қайрат» бүгін, 20 ақпанда футзалдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалында өз алаңында Румынияның «Юнайтед Галац» командасымен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ойын Алматы қаласындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өтеді. 

Кездесу елорда уақытымен 18.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі. 

Естеріңізге сала кетелік, «Қайрат» турнирдің 1/16 финалында сырт алаңда Беларусьтің «ВитЭн» командасын 5:3 есебімен сүріндірді. 

«Қайрат» аталған турнирде 2012/2013, 2014/2015 жылдарда жеңімпаз атанған болатын. 

Бұл уақытта турнир UEFA кубогы деп аталатын.

Айта кетейік, бұдан бұрын аталған турнирдің 1/8 финалында қазақстандық «Ақтөбе» командасы Словенияның «Добовец» клубына 1:2 есебімен жол беріп, ширек финалдан шет қалды.