01 қаз, 2024 сағат 10:24

Футзал: Қазақстан құрамасы Аргентинаға ірі есеппен есе жіберді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалдық кезеңі аясында Аргентинаға қарсы ойында ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен турнирдің турнирдің D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын. Алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді.

Ал Жаңа Зеландиямен өткізген матчта отандастарымыз 10:0 есебімен жеңіске қол жеткізген болатын. Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Португалияны 2:1 есебімен жеңді.

Әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.