03 нау, 2021 сағат 15:11

Футболдан Қазақстан суперкубогы: «Тобыл» финалда «Астанамен» кездеседі

Бүгін, 2 наурызда футболдан 2021 жылғы суперкубогында финалға шыққан тағы бір команда анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін жартылай финалда Қостанайдың «Тобылы» мен Алматының «Қайраты» кездесті. Ойын тартысты өтті деуге негіз бар. Командалар негізінен шабуылға жиі шығып жатты.

Есепті 9-минутта «Тобыл» ойыншысы Асхат Тағыберген ашты. Ойынның 40-минутта «Қайрат» сапынан Небойша Косович таразы басын теңестіріп кетті. 

Екінші кезеңнің 67-минутында алматылық Артур Шушеначев өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін қостанайлық клуб сапынан Сергей Малый 73, Серікжан Мужиков 75-минуттарда мергендік танытты. Ал 90-минутта алматылық клуб футболшысы Гүлжігіт Алықұлов гол соғып, қайтадан таразы басы теңесті. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, кездесу пенальти тебуге ұласты. Бұл жолы «Тобылдың» мерейі үстем болып, қостанайлық клуб финалға шықты.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Астана» финалға шықты. 

Үшінші орын үшін сайыс 5 наурызда болса, финал 6 наурызға белгіленген.

Айта кетейік, аталған доп додасы Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтуде.

Аталған турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңге. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.