27 нау, 2024 сағат 10:42

Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургтен жеңіліп қалды


«Стад де Люксембург» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Люксембург құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

21 жастағы «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков матчтың екінші минутында Асхат Тағыбергеннің доптан кейін баспен гол соғып, есеп ашты. Бұл гол Қазақстан құрамасының тарихында ең жылдам голдардың бірі ретінде енді.

Бірақ кейін қарсылас бірнеше қауіпті шабуылдар жасады.

Люксембург 24-минутта Герсон Родригестің күшімен есепті теңестірді. Алаң иелері екінші голды 45-минутта соқты. Екінші таймда Магомед Адиев ойыншыларды алмастырғанымен, жағдай өзгерген жоқ. Есеп өзгеріссіз қалып, Еуропа құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілістен кейін, кезекті жеңіліске ұшырады.

Футболдан Еуропа чемпионатының соңғы қатысушылары сейсенбі күні плей-офф ойынында тиісінше Уэльс, Греция және Исландияны жеңген Польша, Грузия және Украина құрамалары болды.