Фото: KFF
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Лихтенштейнді жеңді, деп хабарлайды Ult.kz @b1rinshibol парақшасына сілтеме жасап.
Матчтан кейінгі баспасөз мәжілісінде Лихтенштейн құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк командасында бар-жоғы 4 қана кәсіпқой футболшы бар екенін айтты.
«Біздің құрамда Швейцарияда ойнайтын төрт кәсіби футболшы бар. Қалғандарының бәрі – футболды жан-тәнімен сүйетін әуесқой ойыншылар. Олардың басқа негізгі жұмыстары бар. Бүгін біз 114 шақырым жүгірдік, ал Қазақстан құрамасы – 107 шақырым. Демек, әуесқойлар Қазақстанның кәсіби ойыншыларынан көбірек жүгірді. Осы кәсіби футболшылар – біздің құраманың негізгі тірек ойыншылары. Бізде кәсіби ойыншылардың болғанына өте қуаныштымыз», - деді Фюнфштюк матчтан кейін.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапынан Максим Самородов пен Александр Марочкин мергендік танытты.
Ал, Лихтенштейнде бар-жоғы 40 мыңға жуық халық тұрады.