Коронавирус пандемиясына орай өткізу мерзімі 2021 жылға шегерілген футболдан Еуропа біріншілігі ЕВРО-2020 атауын сақтап қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, құрлықтық дода биылғы 12 маусым мен 12 шілде аралығына жоспарланған болатын. Әлемді дендеген қауіпті індетке байланысты ол келесі жылға ауыстырылды.
Бұл шешім Еуропа біріншілігінің 60 жылдығына орай қабылданып отыр. Алғашқы құрлықтық дода 1960 жылы өткізілген.
Аталмыш бәсекеде тұңғыш рет 24 құрама бақ сынайды. Сондай-ақ, дода алғаш рет 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізіледі.