25 там, 2022 сағат 23:22

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды


Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеребе тарту рәсімі бүгін, 25 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында өтті.

Командалар рейтингтегі орны бойынша төрт себепке бөлінген. 24 тамызда іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Нәтижесінде топтық кезеңге жолдама алған 6 команда анықталды. Өзге командалар топтық кезеңге бірден жолдама алған.

A тобы: «Аякс» (Нидерланды), «Ливерпуль» (Англия), «Наполи» (Италия), «Рейнджерс» (Шотландия)

B тобы: «Порту» (Португалия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Байер» (Германия), «Брюгге» (Бельгия)

C тобы: «Бавария» (Германия), «Барселона» (Испания), «Интер» (Италия), «Виктория Пльзень» (Чехия)

D тобы: «Айнтрахт» (Германия), «Тоттенхэм» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Марсель» (Франция)

E тобы: «Милан» (Италия), «Челси» (Англия), «Зальцбург» (Австрия), «Динамо Загреб» (Хорватия)

F тобы: «Реал Мадрид» (Испания), «Лейпциг» (Германия), «Шахтер» (Украина), «Селтик» (Шотландия)

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «Севилья» (Испания), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Копенгаген» (Дания)

H: тобы «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Ювентус» (Италия), «Бенфика» (Португалия), «Маккаби Хайфа» (Израиль)

Топтық кезеңдегі ойын кестесі:

1 тур: 6/7 қыркүйек

2 тур: 13/14 қыркүйек

3 тур: 4/5 қазан

4 тур: 11/12 қазан

5 тур: 25/26 қазан

6 тур: 1/2 қараша

Чемпиондар лигасының финалы 2023 жылдың 10 маусымында Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда өтеді.