Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы XXI ғасырдың (2001-2020) үздік төрешісін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Федерация үздік төрешілер рейтингін жариялаған болатын. Онда 2001 және 2020 жылдар аралығында төрешілік еткен мамандар енгізілді. Бұл тізімде неміс маманы Феликс Брих көш бастады.
Феликс Брих 1975 жылдың 3 тамызында дүниеге келген. 2001 жылдан бастап екінші бундеслигада төрешелік жасады. Ал 2004 жылдан бері бундеслигада біліктілігін арттырып келеді. 2007 жылдан FIFA деңгейіндегі төреші. Сол кезеңнен бастап Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінде қызмет көрсетіп, халықаралық деңгейге көтерілді. 2017 жылы Чемпиондар лигасы финалында төреші болды.
Аталған рейтингте одан кейінгі орындарда Джюнейт Чакыр (Түркия), Ховард Уэбб (Англия), Маркус Мерк (Германия), Бьерн Кейперс (Голландия), Никола Риццоли (Италия), Оскар Хулиан Руис (Колумбия), Массимо Бузакка (Швейцария), Хорхе Луис Ларионда (Уругвай) және Любош Михель (Словакия) бар.