04 мау, 2021 сағат 22:10

Футбол: Қазақстан жастары Бельгияға жол берді


Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Бельгияға қарсы өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Аталған кездесу Ақтөбе қаласында өтті. Қазақстандық белгілі маман Қайрат Нұрдәулетов жетекшілік ететін жастар құрамасы қарсыластарына 1:3 есебімен жол берді. Бельгиялықтар сапынан Килин Сарделла - 28, Амаду Онана - 45, Лоис Опенда 75-минуттарда соққан голдарға қазақстандық Абылайхан Жұмабек 43-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия, Түркия құрамалары.

Жастар ендігі ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Данияға қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық кездесу өткізуде.