09 ақп, 2021 сағат 10:32

Францияда 117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

Әжейдің есімі – Люсиль Рандон. Люсиль Францияда тұрады. Ол өзінің 117 жас туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді.

Var-Matin газетінің таратқан ақпаратқа сәйкес, әжей Тулондағы қарттар үйінде тұрады екен. Оның коронавирусқа шалдыққаны 16 қаңтарда анықталған. Ол вирустың симптомсыз түрін жұқтырған.

Люсиль Рандон 1904 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. Жас кезінде ол ауруханада жұмыс істепті, кейінірек дін жолында қызмет еткен. 2019 жылы Рандон өз туған күнінде Рим Папасы Францисктен жеке құттықтау алған.